Меңдеу, жеңу, дендеу, иықтау, асқыну

lat: Meńdeý, jeńý, dendeý, ıyqtaý, asqyný.

Үстемдік алып күшею, басымдық көрсету. Үйден күліп аттансам да, былай шыға қалың ой меңдеп, ұзақ мұңайдым (Н. Ғабдуллин). Сірә, шаршаған секілдімін, әлде қайғы жеңейін деді ме? (I. Есенберлин). Ауру дендеп кетсе, оны жеңіп алу қиын екені де мөлім (Ғ. Орманов). Бірінің артынан бірі тізбек- теліп келген ойлар оны мүлде иықтап барады (Н. Ғабдуллин). Мез- гілінде, әрі жете емдемесе, ауру асқынып, өкпеге шабады (М. Исабаев).